16.10.2025
01:15
468
Мейрамбек Беспаев Баян Мақсатқызының жобасын сынап тастады

Мейрамбек Беспаев Баян Мақсатқызының жобасын сынап тастады

Әнші Мейрамбек Беспаевтың танымал жобада айтқан сөзі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бағдарлама барысында жас орындаушылар тәлімгерін таңдауы тиіс сәтте Мейрамбек Беспаев қатысушыға өз пікірін ашық айтып, Баян мен Бағымды таңдамауға кеңес берді.

Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе «КешYou-ға» барасың. Саған қамқоршы болатын, қолдап жүретін аға керек. «КешYou-да» бір-екі жыл жұмыс істейсің де, кейін көзден таса боласың. Бұл қыз сахнада көп жүруі керек, мықты адамдармен жұмыс істеуі қажет, – деді әнші.

Алайда оның бұл пікірі студияда отырған Бағым Мұхитденқызының наразылығын тудырды.

«КешYou-дан» кім жоғалды? Біз жеке жобалармен де айналысамыз, ондайлар аз емес, – деп жауап қатты продюсер.

Желі қолданушылары екі жақтың да уәжін талқылап, бірі Мейрамбектің ашықтығын қолдаса, енді бірі продюсерлердің еңбегін қорғап пікір қалдырған.

@qz.dausu

 

♬ оригинальный звук - qazaqstan dausu ✨❤️