Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды

13 Ақпан, 15:41 26828

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Revue News» бағдарламасында белгілі болды. Өнер иесі жағдайына қарамай досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысты.

Кешке бірер сағат бұрын әншінің жағдайы қиындап ауруханаға түскен. Ринат Зайытов оның келмейтініне сенімді болыпты. Бірақ, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранған Мейрамбек Беспаев шығармашылық концертте төбе көрсетті.

Белгілі ақынның жеке шығармашылық кешіне бірқатар өнер жұлдызы жиналды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: