Мейрамбек Бесбаевтың әйелі: ЭКО жасатқан жоқпын

28 Қыркүйек, 23:02 1821

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева әлеуметтік желіде жұрттың қойған сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол үлкен екі баласын өзі босанғанын қозғап өтті.

«Екі баламды да өзім босанғанмын, ал үшіншісінде кесір тілігін жасадық. Өзің босансаң, сол сәтте ғана қиналасың. Ал кесір тілігін жасатсаң, жансақтау бөлімінде қиналып жатасың. Келесі күні отыра алмай, жүре алмай қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Жоспарлы кесір тілігін қойған. Бірақ бәрі Алланың қалауымен болады. Қызым бұл жарық дүниеге ертерек шығамын деді», - деді ол. 

Әншінің әйелі өз сөзінде ЭКО жасатпағанын айтып өтті. 

«Мен арнайы емделіп дайындалған жоқпын, ЭКО жасатқан жоқпын. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы, шүкір», - деді Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы.

Айта кетейік, жуырда Мейрамбек Бесбаевтың 47 жасында сәбилі болғаны хабарланған.

Зарина Арман
Бөлісу: