Мессидің видеосы желіде хитке айналды

28 Ақпан, 14:22 1061

«Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тағы да интернетте жұлдызға айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Лос-Анджелес Гэлаксимен» өткен ойында аргентиналық 92-минутта есепті теңестіріп қана қоймай, қақпашы Дрейк Каллендерге көмегін тигізді. Месси «Барселонадағы» бұрынғы әріптесі Рикардо Пучидің қай бұрышқа тебетінін көрсетті. Нәтижесінде «Интер Майами» қақпашысы Лионель көрсеткен бұрышқа секіріп, допты қайтарды.

Осыдан соң Мессиге қарсылас команданың ойыншысы келіп, тәнті болғанын жеткізді.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Енді «Интер Майами» еншісінде екі ойыннан соң төрт ұпай бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: