03.05.2023
14:10
1315
Месси ПСЖ ойындарынан екі аптаға шеттетілді

Месси ПСЖ ойындарынан екі аптаға шеттетілді

ПСЖ басшылығы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді екі аптаға командадан шеттетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Себебі ол басшылықтың рұқсатынсыз Сауд Арабиясына демалысқа кеткен. Бұл ПСЖ-ның «Лорьян» клубынан жеңілгенінен кейін (1:3) болған оқиға.  

Сонымен қатар, әлем чемпионы осы аралықта жалақы алмайды және «Труамен» (7 мамыр) және «Аяччомен» (13 мамыр) ойындарға қатыспайды.