29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыФутболшы Лионель Месси командаластарына арнап 35 алтын iPhone 14 телефонына тапсырыс берді, деп хабарлайды El.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.
Смартфондар үшін ол жалпы құны 210 мың доллар төлеген.
Аргентина құрамасының капитаны Месси танымал брендтен 35 дана 24 карат алтыннан жасалған қаптамасы бар телефон алды. Осылайша, футболшы ел құрамасының 2022 жылы Қатарда өткен Әлем чемпионатына қатысқан мүшелеріне алғысын білдіргісі келген.
Әр смартфонда футболшылардың аты, олардың нөмірі мен Аргентина Футбол қауымдастығының логотопиі жазылған. Жомарт капитан сыйлықты тек ойыншыларға ғана емес, команданың қызметкерлеріне де тарту етпек ниетте.
Еске салайық, Қатардағы футболдан әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Францияны жеңген болатын. Месси үшін мәнсабындағы бесінші чемпионатта ол бірінші орынға қол жеткізді. Футболшы Қатардағы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы деп танылғаны белгілі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек