28.10.2025
14:50
531
Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса ма? Футболшы жауап берді

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса ма? Футболшы жауап берді

Аргентина құрамасының және АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысуды армандайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әлем чемпионатына қатысқым келеді, өз елімнің құрамасына көмектескім келеді. Келесі жылы «Интер Майамимен» маусым алдындағы дайындықты бастаған кезде өз жағдайымды күн сайын бағалаймын. Егер өзімді 100 пайыз дайындап, командаға пайда тигізе алатыныма көз жеткізсем, шешім қабылдаймын, - деді Месси.

2026 жылғы әлем чемпионаты футбол тарихындағы 23-мундиаль болмақ. Турнирдің финалдық кезеңі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бәсеке маусым мен шілде айларында ұйымдастырылады, ал финалдық матч 19 шілдеде өтетіні жоспарланған.

Айта кетейік, Аргентина ұлттық құрамасы – соңғы әлем чемпионы.