«Мерейлі отбасы»: өтінім беру уақыты ұзартылды

19 Маусым 2023, 15:23 1458

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 10 жылдығына орай конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, отбасылық өмірдің маңызын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса (pdf форматында) mereyli.otbasy2023@mail.ru элекронды поштаға жіберу қажет.

Конкурсқа қатысу бойынша толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 08, 8 7172 55 67 01.

EL.KZ
Бөлісу: