Мерейлі отбасы-2022. Өңірлік кезеңі аяқталды

18 Тамыз 2022, 01:12 1656

Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар.

Әр өңірден, оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 20 жеңімпаз отбасы анықталды, деп хабарлайды EL.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, ұлттық конкурсқа қатысқан 2 542 отбасының 932-сі қалада, 1 610-ы аудан және ауылда тұрады.

Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар. Еңбек әулеттері, спортшылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, т.б. отбасылар биылғы байқауда бақ сынады.

Тамыз айының соңында «Хабар» телеарнасында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы шығады.

Сондай-ақ «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінің өтетін күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат жарияланады.

EL.KZ
Бөлісу: