20.09.2025
23:05
458
Мерей Мәулетқанов қола үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды

Мерей Мәулетқанов қола үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Мәулетқанов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Балуан 72 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.

Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Иран балуаны Саид Даниял Сохрабимен кездесті.

Қарсыласы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Мәулетқанов жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанған еді.