Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Конституция күніне байланысты 30 тамыз, сенбі күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Азаматтарға арналған үкімет порталының мәліметінше, 2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

1 қыркүйек, дүйсенбі күні тек кезекші орталықтар мен кезекші мамандандырылған орталықтар қызмет көрсетеді. Кезекші орталықтар 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған орталықтар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді, - делінген мәліметте.

Ал 2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Кезекші орталықтар мен мамандандырылған орталықтардың тізімін карусельден қарай аласыз, - деп қосты ұйым.