Mercedes-Benz компаниясы жаңа GLB-дің эксклюзивті салонын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
GLB моделі қазір компанияның арнайы климаттық камераларында соңғы сынақтардан өтуде. Бұл камералар тек температураны өзгертіп қана қоймай, шынайы ауа райы мен жол жағдайларын дәлме-дәл бейнелей алады. Мысалы, сағатына 200 шақырымға дейін жететін қарлы боранды немесе +70 °C дейін қызған асфальттағы қозғалысты модельдеу мүмкіндігі бар.
Сынақ нәтижесінде көліктің техникалық тиімділігі де байқалған: GLB минус 15 градустық суықта қатып қалған әйнекті бар болғаны 15 минутта ерітіп, ал ішкі салонын алдыңғы буын үлгісіне қарағанда екі есе жылдам жылытады.
Компания таратқан ресми суреттерде сынақ кезінде көліктің сыртқы пішіні көрсетілгенімен, шанақ жасанды қармен жабылғандықтан, жаңа дизайн ерекшеліктерін толық бағалау әзірге мүмкін емес.
Қозғалтқыш нұсқалары туралы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, модельдің толық электрлі нұсқасы дайындалып жатқаны белгілі. Сарапшылардың пікірінше, GLB мотор желісі CLA моделімен ұқсас болуы ықтимал, бұл қатарда гибрид пен толық электрлі конфигурациялар қамтылады.