Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпаракт министрлігінің мәліметінше, қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр.
Фильм туралы:
«Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.