14.12.2019
19:24
2561
Мені қазақ деп ойлайды

Мені қазақ деп ойлайды

Айым Алиева:

Талдықорған қаласынан келген дүнгеннің қызымын. Кішкентай кезімнен бастап қазақ тілінде сөйлеуге ата-анам баулып, қазақтың салт-дәстүрін үйретті. Бір қызық оқиғамен бөліскім келеді. Ассамблея шақырып хат жібергенде, басшыларым менің дүнген қызы екенімді бірінші рет естіп, таң қалды. Қазақ тілін бала кезімнен жақсы меңгергендіктен, барлығымен тек қазақ тілінде сөйлесемін.