«Мен Жәнібектің әкесімін». Бельгиялық қазақ баланың әкесіне қатысты ДНҚ нәтижесі шықты

16 Қаңтар, 17:40 35722

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған Бауыржан туралы мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібек мен Бауыржанның арасында ешқандай туыстық байланыс жоқ.

«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін» деп ДНҚ анализ тапсырған Бауыржанның нәтижесі 0% шықты, - деп жазды журналист.

«Бармысың, бауырым?» хабары Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: