«Мен – Қазақстанда тудым!»

23 Мамыр, 14:21 4102

Германия төрінде осындай ән шырқалды. Қазақтар емес, Қазақстанда туып Германияға көшкен этникалық немістер айтты.

Жәрмеңкедегі бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде желдей есіп, қазақстандықтардың ықыласына бөленді. Біреулері көп жыл бұрын қоныс аударса да туған жерін ұмытпағанына риза болып жатса, өзгелері көңілі босап «жылағым келіп тұр» деп жазып видеоны әрі қарай таратқан. Таралған бейнежазбадан Қазақстанның көк туын желбіреткендерді, «Қазақстан» деген жазуы бар киім кигендерді байқауға болады. Бұл жәрмеңке – ТМД елдерінен көшіп барған немістердің дәстүрі мен мәдениетін көрсетуге бағытталған. 20 жыл ішінде ауқымы кеңейіп, бүгінде 20 мыңға дейін адам қатысатын деңгейге жеткен.

EL.KZ
Бөлісу: