Мемлекет басшысы Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарының рухына бағыштап «Тағзым» мемориалын орнатты. Мемориалды құру жобасының отырысына қатысқан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов оны бұрын-соңды кездеспеген ерекше естелік екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Мемориалдың жобасын талқылауда еліміздің үздік суретшілері мен архитекторлары қатысты. Олар шетелдік ескерткіштердің бірқатарын жасап, үлкен байқауларға қатысып жүрген белгілі мамандар. «Тағзым» - заман ағымына сай жасалған мемориалды комплекс. Мемориалдың ерекшелігі – ол жерде таңбаланып жазылған ата-бабаларымыздың даналық сөздері. Әр мемориалдың өзіндік айтары бар. Бұл да бір тарих, бір естелік», – деді Өмірбек Жұбаниязов.
Мемориал қаладағы Қаңтар оқиғасы орын алған алаңдарда орналасты. Естеліктің ашылу салтанатына бірқатар өнер қайраткерлері мен саясаткерлер қатысты. Суретшілер одағының төрағасы мемориалдың әр бөлігіндегі жазу, таңба, дизайны мен түсінін өзіндік мәні бар екенін айтты.
«Қалалық ескерткіштер комиссиясының мүшесі ретінде мемориалдың дизайны үлкен талғаммен жасалған деп айта аламын. Оның әр бөлігінің жеткізер ойы бар. Оның көлемі де ауқымды», – деді Өмірбек Жұбаниязов.