Мемлекеттің өңдеуші өнеркәсібінің өсімі 100%-дан артты

11 Қаңтар 2023, 10:15 1566

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрі баяндады

Индустриялық және инфрақұрылымның жылдық көрсеткіші 103,4% құрады. Салалық өнеркәсіптер толыққанды өсімді көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте оң үрдіс байқалды. Жиынтық көрсеткіш 103,4% құрады. Түсті металлургияда нақты көлем индексі 105,5% құрады. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10,2% өсті», - деді Марат Қарабаев.

Айтуынша, 2022 жылы 2 трлн. теңгеге 160-қа жуық инвестициялық жоба пайдалануға берілген. Бұл экспорттық әлеуетті ұлғайта отырып, өндеуші өнеркәсіп салаларының өндіріс көлемін одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін болады.

«Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 130 686 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жылдық жоспар 101,9%-ды құрады. 2022 жылғы 12 айда құрылыс бойынша нақты көлем индексі 109,4% құрады», - деді ол.

Қорыта келе министр, жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша Министрлікпен жоспарлы көрсеткіштер толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: