Мемлекеттің барлық қаржысы парламент арқылы өтуі керек – Жаңбыршин

10 Қазан 2023, 17:09 961

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мемлекеттің барлық қаржысы парламент арқылы өту керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат мәжілістегі қаржы және бюджет комитетінің отырысында квази мемлекеттік сектор компаниялардың табыстары ашық болуын және жаңа кодексте соған мүмкіндік бар екенін айтты.

Квази мемлекеттік дегеніміз қанша дегенмен мемлекеттік халықтың қазба байлығын игеріп отырған компаниялар, содан табыс тауып отыр. Сондықтан біріншіден олардың табысы ашық болуы керек, екіншіден олар да бюджет кодексінде қаралуы қажет. Парламентте солардың (квази мемлекеттік секторлардың – ред.) қаржы айналымын бақылауда ұстауымыз керек деп есептеймін. Олар бюджетті қалай, қайда жұмсайтынын өздері шешпеуі керек және олардың салығы қандай деген мәселелер де реттелетін уақыт келді. Парламент арқылы барлық мемлекеттің қаржысы өтуі керек деп есептеймін, - деді депутат.

Миражан Махан
Бөлісу: