Мемлекеттік қызметке тест тапсырғанда қазақ тілінің балы неге ескерілмейді?

14 Желтоқсан 2019, 19:35 3462

Илияр Муталипов, жеке кәсіпкер:

Мен жуырда қазақ тілінен тест тапсырдым. Сол уақытта байқағаным, қазақ тілінің сынағы өте оңай. 20 сұрақтың 19-на қиналмай жауап бердім. Екінші тапсырғанымда, тест алушы адам қазақ тілінен тапсырмай-ақ қой деп айтты. Сонда біртүрлі көңіліме аллып қалдым, егер ешқандай салмағы болмаса, қазақ тілін сынақа не үшін енгізді?! Және қазақ тілі сынағының сұрақтары өте оңай, оның үстіне мемлекеттік қызметке қабылдағанда одан алған балын есептелмейді. Осы мәселе мені қатты алаңдатады. Өзім ұйғыр ұлтының өкілі болсам да, қазақ тілін жақсы меңгергеніммен мақтанамын.

Бөлісу: