20.01.2023
19:46
1453
Мемлекеттік туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Мемлекеттік туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Қазақстанда туды қорлағандарға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 372-бабына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК-ке (1 АЕК – 3 450 теңге) дейін және қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін өсті, - деді Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.