Мемлекеттік тілдің тұғыры биік болуы керек

16 Қазан 2019, 17:34 2118

Бүгін Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті. Кеңес отырысының жұмысына сондай-ақ, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Қапақов, ғылыми-сараптамалық тобының басшысы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Х.Серғалиев, ғылыми-сараптама тобының мүшелері мен ҚХА кафедрасының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Олар ҚР Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылап, мемлекеттік тілдің қызмет көрсету саласында қолданылуы, оның этносаралық ортақ коммуникация қатынас құралына айналуына қатысты өз ұсыныстарын білдірді және Батыс Қазақстан облысындағы этносаралық ахуалдың жәй-күйін сараптады.


Жансейіт Түймебаев ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтау және дәріптеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Президент Жолдауын жүзеге асыруда ел болып жұмылып, бірлікте жұмыс жасау керектігіне баса назар аударды. Аймақтық ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысы туралы мәліметтермен таныса келе, оларға осы бағыттағы іс-шараларды жандандыру, бүгінгі заман талабына сай жаңа межеге көтеру туралы тапсырмалар жүктеді.

Кеңеске жиналғандар соның ішінде, әсіресе мемлекеттік тілдің ұлттар арасындағы өзектілігін арттыру мәселесін талқыға салды. Бұл тақырып аясында баяндама жасаған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің социологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты П.Добряев 2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы БҚО-дағы этносаралық ахуалдың мониторингі нәтижелерін жариялады. Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған және көшірілген халықтар өкілдерінің тағдырын зерттеу мақсатындағы «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында «Ламед» еврей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Феликс Баюканский «Еврей халқының тарихы» атты жобасын көпшілікке таныстырды.

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.



Бөлісу: