04.06.2025
20:41
983
Мемлекеттік рәміздер күні: Өскеменде патриоттық флешмоб ұйымдастырылды

Мемлекеттік рәміздер күні: Өскеменде патриоттық флешмоб ұйымдастырылды

Шараға Шығыс Қазақстан облысының полицейлері, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және ТЖД қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және мәңгілік құндылықтардың символына айналған Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді.

Біз - әртүрліміз, бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық бар - туған жерге деген сүйіспеншілік. Ал Мемлекеттік Ту - бұл біздің тарихымызды, тамырымызды, елдік мүддеміз бен бірлігімізді айқындайтын қасиетті рәміз, - дейді тәртіп сақшылары.