Мемлекеттік қызметкерлерге казиноға баруға тыйым салына ма? Жазықбаев жауап берді

16 Тамыз 2023, 16:22 983

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына тыйым салу жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брифинг барысында БАҚ өкілі Дархан Жазықбаевқа былай деп сұрақ қойды:

Мемлекеттік қызметкерлерге казиноға баруға тыйым салынады деген ақпарат тарады. Құжат авторларының айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер ойын орындарына бармауы керек. Осы тұрғыда сіздің пікіріңіз қандай? Өйткені құжатта ойын ойнауға тыйым салынбаған, тек бару үшін тыйым салу туралы айтылған. Бұл мемлекеттік қызметкерлер онлайн казино ойнай алады дегенді білдіре ме?

Агенттік төрағасының жауабы мынадай болды:

Агенттіктің көзқарасы бойынша, біз мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына тыйым (қарсылық) қойып жатырмыз. Бұл норманы (заңға) әдеп жағынан енгізгелі жатырмыз. Мәселеге әрі қарай үңілсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңға байланысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар жүргізілген соң сізге нақты ақпарат береміз, - деп жауап берді Дархан Жазықбаев.

Миражан Махан
Бөлісу: