Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді

9 Қыркүйек, 12:09 517

Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 2026 жылға дейін мораторий енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған.

Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды.

Мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ. 

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болады. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: