ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы «Гендерлік теңдік негіздері» тақырыбында мемлекеттік органдардың өкілдеріне оқыту семинарын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыту «БҰҰ-әйелдер» штаб-пәтері әзірлеген «I know Gender» сертификатталған курсының негізінде өтті. Қатысушылар гендерлік теңдікке қол жеткізу мен насихаттаудың негізгі тетіктерімен, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту әдіснамасымен танысты.
Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатының негізгі бағыттары және осы салалардағы халықаралық тәжірибе туралы айтылды.
Айта кетейік, семинар «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылды.