Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға үндеу жасады

1 Тамыз, 15:13 546

Астанада көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға үндеу жасады.

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері.), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Дайындық аясында 3 тамызында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: