«Мемлекеттік істерге араласпайды»: Мәжіліс төрағасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы

27 Желтоқсан 2023, 14:45 1594

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік істерге қаншалықты араласатыны жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрші елдердің президенттерімен кездесу және басқа да іс-шараларға қатысу себебі сұрады.

Бүгінгі күнде елімізде қос билік жоқ. Болуы да мүмкін емес. Барлық шешімдерді басым көпшілікпен халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қабылдап отыр. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Оның кездесулері, жол сапарлары мен өткізіп жатқан іс-шаралары жеке азамат ретінде өз құқығын пайдаланып жүрген шаралар мен кездесулер, - деп жауап берді Қошанов.

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен «Астана клубының» жетінші отырысына қатысты. Сонымен қатар 20 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Миражан Махан
Бөлісу: