Мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 айда 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

6 Қазан 2023, 05:38 723

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: