2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 754 кәсіпорны 19,4 мың жжұмыскерге 5,7 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 833 нұсқама беріліп, 105,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,1 млрд теңге төленді.