Мемлекеттік басқару академиясы: Грант иегерлерінің тізімі шықты

17 Шілде, 20:49 734

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ақпараттық жүйеге барлығы 1053 өтінім түскен, оның ішінде қойылған талаптарға сай болған 716 үміткер конкурсқа жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық іріктеу кезеңінен 607 адам өтті. Оқуға алдын ала қабылдауға 170 адам ұсынылды, оның ішінде 132 адам – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде.

Білім беру бағдарламалары бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысының саны төмендегідей бөлінді:

магистратура бағдарламалары:

– «Мемлекеттік саясат» – 40;

– «Өңірлік даму» – 25;

– «Адами ресурстарды басқару» – 20;

– «Экономика» – 15;

– «Мемлекеттік басқару» – 4;

– «Халықаралық қатынастар» – 16.

докторантура бағдарламалары:

– «Экономика» – 2;

– «Халықаралық қатынастар» – 4;

–«Мемлекеттік басқару» – 6.

Магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға алдын ала қабылдауға ұсынылған тұлғалардың тізімі:

«Мемлекеттік басқару – Master of Publiс Administration»

 «Халықаралық қатынастар – Master of International Relations»

 «Экономика – Master of Economics»

 «Мемлекеттік саясат – Master of Public Policy»

 «Адами ресурстарды басқару – Master of Human Resource Management»

 «Өңірлік даму – Master of Regional Development»

Докторантурада мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға алдын ала қабылдауға ұсынылған тұлғалардың тізімі:

 «Халықаралық қатынастар – Doctor of International Relations»

  «Мемлекеттік басқару – Doctor of Public Administration»

 «Экономика – Doctor of Economics»

Оқуға қабылдау ережелерінің 24-тармағына сәйкес осы тұлғалар 30 шілде күні сағат 18:30-ға дейін Академияның Қабылдау комиссиясына төмендегі тізімге сәйкес құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет:

1) Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган берген жолдаманың түпнұсқасы;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

3) қосымшасымен бірге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін ағымдағы жылғы 17 шілдеден ерте емес күнмен рәсімделген, жұмыс орны бойынша кадр қызметінің жауапты қызметкерінің қолымен расталған және мөр қойылған қызметтік тізімнің түпнұсқасы, өзге үміткерлер үшін — еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) оқытуды ұйымдастыру бойынша тараптар қол қойған шарт:

– Үшжақты шарт 3 данада.

Көрсетілген мерзімге дейін құжаттар ұсынылмаған жағдайда Академия Күту парағындағы тізімге сәйкес келесі үміткерді қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

Магистратурада ақылы негізде оқуға алдын ала қабылдауға ұсынылған тұлғалардың тізімі:

«Мемлекеттік басқару – Master of Publiс Administration»

 «Халықаралық қатынастар – Master of International Relations»

       1) Амангелді Елнұр Айдосұлы;

       2) Ескали Даурен Ердосулы.

 «Өңірлік даму – Master of Regional Development»

       1) Ыдрышев Бауыржан Қанатұлы;

       2) Шертай Сағадат Серікбайұлы.

 «Мемлекеттік басқару магистрі – Executive Master of Public Administration»

 «Өңірлік даму – Master of Regional Development» 

Докторантурада ақылы негізде оқуға алдын ала қабылдауға ұсынылған тұлғалардың тізімі:

 «Халықаралық қатынастар – Doctor of International Relations»

 «Мемлекеттік басқару – Doctor of Public Administration»

1)Бегалиева Жанель Бақдәулетқызы;

2)Ермекбаева Енлик Оразхановна.

Перизат Саденова
Бөлісу: