Осы аптада «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері Арнаулы мемлекеттік қорға 26 млрд теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы бизнес-орталықты сату нәтижесінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Арнаулы мемлекеттік қорға 6 млрд теңгеден астам қаражат жолдады.
Бұл қаражаттар ел үшін қажетті әлеуметтік және экономикалық жобаларға жұмсалатын болады.
Бүгінгі күні Арнаулы мемлекеттік қорға жинақталған жалпы қаражат сомасы 220 млрд теңгеден асады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.