02.11.2022
18:10
1308
Мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлік қайтарылды

Мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлік қайтарылды

Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды, деп хабарлайды El.kz 

Прокурорлардың актілері бойынша, кеден саласында бюджет 57 млрд теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд теңгеге 140 мың га жер қайтарылды.

«Сондай-ақ 13,5 млрд теңгеге мемлекет мүлкін қайтару туралы сотқа талап-арыздар жіберілді. Жоғарғы сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Ондағы мәліметтерге сүйеніп, қазынаға тағы 23 миллиард теңге түседі деген болжамымыз бар», - деп жазды Берік Асылов.