29.06.2022
13:54
2126

Тоқаев Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысады

Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды El.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.