Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

15 Шілде 2022, 12:45 1044

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу: