Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес басталды

19 Сәуір 2023, 09:57 1302

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңейтілген отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қамтылып жатыр.

Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан біз нақты іс-шараларға баса мән беруіміз тиіс. Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім, - деді Президент.


Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керектігін айтты. Тиісінше Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. 


Бұл да нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Миражан Махан
Бөлісу: