Мемлекет басшысының олимпиадашылармен кездесуі кейінге қалдырылды

15 Тамыз, 09:57 831

Бүгін, 15 тамызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ спортшылардың жартысына жуығынан коронавирус анықталуына байланысты іс-шара кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өздеріңізге белгілі, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы спортшылармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID-19 диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының сөзінше, кездесу тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: