Мемлекет басшысы жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тіледі

9 Тамыз, 16:02 1377

Қазақстан президенті Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: