Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.