28.01.2025
19:10
1644
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын құттықтады

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.