Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15 Тамыз, 20:46 539

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Перизат Саденова
Бөлісу: