23.09.2025
04:40
333
Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ақорда мәліметінше, қос мемлекет басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.