16.02.2023
20:34
1865
Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.