Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірнеше тағайындау жасады

2 Қыркүйек 2023, 10:58 2852

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін Президент Жарлығымен бірнеше министр қызметінен босатылған болатын. 

Асқар Таудай
Бөлісу: