03.05.2023
18:23
1104
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін әуежайдан күтіп алды

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін әуежайдан күтіп алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.