06.06.2025
11:40
1243
Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі. Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.