19.09.2023
23:59
958
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жетекші сауда серіктесі.

Бүгінде екіжақты сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті. – Біз Румынияны достас мемлекет ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің тарихына, жүргізіп отырған саясатыңызға және халқыңыздың дәстүріне құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық қарым-қатынастарға тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның, Қазақстан және Румыния Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыру керек екенін айтты.