29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президенттің айтуынша, Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.
Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек