28.05.2025
20:38
917

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.