Мемлекет басшысы Қытайдан келе сала су тасқынына байланысты жиын өткізеді

30 Наурыз, 11:20 903

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты жағдайды бақылауында ұстап отыр. Мемлекет басшысы Қытайдан келе сала бүгін жиын өткізбек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жазылды.

Президент еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады, -  делінген ақпаратта.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: